17.07.2026, 10:10

Көкшетауда тарақандар қаптады

Фото: Massaget.kz

 

Көкшетау қаласы, Саин көшесі 28-үй, 405-бөлме мекенжайындағы жатақхана тұрғындары ұзақ уақыттан бері үйір-үйір тарақандармен бірге өмір сүруге мәжбүр болып, нағыз антисанитариялық тозақты бастан кешіруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жәндіктер көрші бөлмелерге де жылдам тарап, бүкіл ғимараттың санитарлық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп тұрса да, тұрғындардың жауапты мекемелерге жасаған сансыз шағымдары әлі күнге дейін еленбей келеді. Ең сорақысы, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен жергілікті өңір әкімдігі бұл мәселеге көз жұма қарап, қарапайым халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін мүлде назардан тыс қалдырған. Қоқыс пен ластықтың ортасында қалған жұртшылықты естімейтін Көкшетау әкімдігі өз жауапкершілігінен қашып, халықтың мұң-мұқтажын шешудің орнына бейқамдық танытып отырғаны ашуыңды туғызады. Тұрғындар бұл масқара жағдай БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін ғана құзырлы органдар орнынан қозғалып, шұғыл түрде тексеріс жүргізіп, тиісті шара қолданады деп үміттенеді. Осы орайда, халықтың денсаулығын қауіпке тіккен жауапсыз шенеуніктер мен әкімдіктің бұл әрекетсіздігі қашанға дейін жалғаса бермек деген заңды сұрақ туындайды.