Жұмыс орнында дәрігерге bylaпыт сөздер айтып, айқай-шу шығарған.
Қостанайдағы диализ орталығының дәрігері Алина Сарбасова емделушінің тарапынан болған аяусыз балағат пен қоқан-лоқыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Науқас өзі келіскен уақыт ауысымына қарамастан, жұмыс орнында дәрігерге bylaпыт сөздер айтып, айқай-шу шығарған.
Дәрігердің айтуынша, бұл орталықта мұндай сорақылық бірінші рет емес, әріптестері де үнемі осындай психологиялық қысым көріп келеді. Өңірдегі медицина саласын бақылауда ұстай алмай, ақ халаттылардың қауіпсіздігін қамтамыс ете алмаған облыс әкімдігі бұл мәселеге әлі күнге дейін нақты шара қолданбай, үнсіз отыр.
Қоғамдағы мәдениеттің құлдырауы мен жергілікті биліктің селқостығы салдарынан қарапайым дәрігерлер өз жұмыс орнында қорғансыз күй кешуде.