17 шілдеден бастап Kaspi.kz серіктестері Қазақстанбойынша 700 мыңнан астам сауда нүктесінде кез келгенқазақстандық банктің клиенттерінен Kaspi QR арқылытөлем қабылдай алады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол үшін басқа банктің мобильдіқосымшасы арқылы Kaspi POS-тағы Kaspi QR кодынсканерлеу жеткілікті.
Kaspi.kz клиенттері басқа қазақстандық банктердің QR-кодтары арқылы да сатып алуларының ақысын төлей алады.
Сондай-ақ Kaspi.kz клиенттері телефон нөмірі арқылы басқабанктерден ақша аударымдарын қабылдап, басқа банктергеаударым жасай алады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізінқалаушылардың бірі:
«Біз сүйікті серіктестерімізге кез келген банктіңклиенттерінен төлем қабылдау ыңғайлы болғанын, ал клиенттерімізге барлық жерде оңай төлем жасау мүмкіндігіболғанын қалаймыз. Осы жүйені сенімді, қауіпсіз әрібарлық қатысушы үшін ыңғайлы ету мақсатында біз ҰлттықБанкпен және банк қауымдастығымен бірнеше жыл бойыбірге жұмыс істедік. Ынтымақтастық үшін ҚазақстанҰлттық Банкі мен банк қауымдастығына, ал сенімдері үшінсүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге алғысбілдіреміз!»
Қызметтің жұмысы туралы толық ақпаратты Серіктестергеарналған Kaspi Гидтен және Клиенттерге арналған KaspiГидтен оқи аласыз.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерініңөмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистердіжасау.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктеспайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасытөлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді жәнекүнделікті өмірге қажетті басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі – Hepsiburada-ға иелік етеді.