$ 472.34  541.25  6.01

«Үйде жалғыз қалғанда 2» фильміндегі актриса көз жұмды

Бұл туралы BBC мәлімдеді. 

Фото: starhit.ru
Фото: starhit.ru

Ирландиялық актриса, «Оскар» сыйлығының иегері Бренда Фрикер 81 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы BBC мәлімдеді. 

Фрикер 1990 жылы «Менің сол аяғым» (My Left Foot) фильміндегі рөлі үшін «Үздік көмекші актриса» аталымында «Оскар» сыйлығын жеңіп алған. Картинада ол Дэниел Дэй-Льюис сомдаған басты кейіпкердің анасын бейнелеген.

Көпшілікке актриса 1992 жылы жарық көрген «Үйде жалғыз қалғанда 2» (Home Alone 2) фильміндегі Орталық саябақта көгершіндерді бағып жүретін әйелдің рөлі арқылы да жақсы таныс. Оның кейіпкері Кевинмен достасып, фильмнің есте қалған образдарының біріне айналған.

Бренда Фрикердің фильмографиясында сондай-ақ «So I Married An Axe Murderer» (1993), «Angels in the Outfield» (1994), «A Time to Kill» (1996) және «Veronica Guerin» (2003) секілді туындылар бар.

Соған қарамастан, актриса кейінгі сұхбаттарының бірінде «Оскар» мансабына күткендей оң әсер етпегенін айтқан.

2024 жылы The Times басылымына берген сұхбатында ол «Оскардың қарғысы» өзіне де әсер еткенін айтып, беделді марапаттан кейін режиссерлердің өзіне көбіне бір типтегі рөлдерді ғана ұсынғанын, соның салдарынан көптеген кино және театр жобаларынан тыс қалғанын жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0