Зардап шеккен қыз бала ауруханаға шұғыл жеткізіліп, оның саусақ фалангаларына күрделі ота жасалды.
Теміртау қаласындағы Уәлиханов көшесі, 6-үйдің ауласында орналасқан балалар ойын алаңында жантүршігерлік жағдай орын алды. Алты жасар қыз бала төбешіктен (горка) сырғанап бара жатып, қолы темір құрылғының арасындағы саңылауға қысылып қалған.
Металл жиегі баланың саусағын қиып жіберіп, ересектер темірді өз күшімен майыстырып ажыратқанша, кішкентай бүлдіршін қансырап, саусағы сіңіріне ғана ілініп тұрған. Зардап шеккен қыз бала ауруханаға шұғыл жеткізіліп, оның саусақ фалангаларына күрделі ота жасалды.
Жергілікті ата-аналардың айтуынша, бұл алаңда балалардың қол-аяғы сынып, жарақат алуы бірінші рет емес, бірақ бұған дейін ешқандай шара қолданылмаған. Өңір әкімдігі халықтың қауіпсіздігіне, әсіресе балалар өміріне бас-көз болудың орнына, осындай апатты нысандарды бақылаусыз қалдырып, өз міндетіне салғырт қарап отыр.