18.07.2026, 17:30

Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: stan.kz

Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Жетісу облысындағы Алакөл көлінде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам жарақат алды. Оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта болған. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ТЖД қараңғы уақытта навигациялық шамдары жоқ шағын жүзу құралдарымен суға шығуға қатаң тыйым салынатынын еске салды.