Ал Ресейдің Тергеу комитеті аталған шабуылдарға байланысты «террористік акт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries маркетплейсінің екі ірі логистикалық орталығына шабуыл жасап, салдарынан сегіз адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдымен Тамбов облысындағы Котовск қаласындағы қоймаға шабуыл жасалып, түнгі ауысымда жұмыс істеген жеті қызметкер көз жұмды. Тағы 25 адам жараланып, олардың бірі ауыр жағдайда жатыр. Кейін Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы қоймаға да дрон соққысы жасалып, онда 24 адам зардап шекті. Олардың біреуі ауруханада қайтыс болды.
Украина президенті Владимир Зеленский шабуылды растады. Оның айтуынша, соққы жасалған логистикалық орталықтар Ресейдің әскери өндірісіне қажетті санкциялық бөлшектер жеткізілетін нысандар болған.
Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге өтемақы төленетінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания шабуылдан кейін қоймалардағы тауарлар уақытша сатылымнан алынғанын және логистикалық бағыттар басқа қоймаларға ауыстырылып жатқанын хабарлады.
Ал Ресейдің Тергеу комитеті аталған шабуылдарға байланысты «террористік акт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.