19.07.2026, 13:30

Таразда жолаушылар толы автобус орта жолда бұзылып, халық жаяу қалды

Коллаж: sn.kz

Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршаған бұқара әлеуметтік желіде жергілікті биліктің бұл салғырттығын қатаң сынап жатыр.

Тараз қаласында қоғамдық көлік мәселесі тағы да ушығып, тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Бүгін жолаушылар мінген №32 бағыттағы автобус жүріп бара жатқан жерінен кенеттен бұзылып, істен шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Салдарынан діттеген жеріне жете алмаған халық аптап ыстықта тас жолдың бойында жаяу қалуға мәжбүр болды. Өңір әкімдігі жыл сайын автопаркті жаңарту туралы есеп бергенімен, қала көліктерінің тозығы жеткені осындай келеңсіздіктерден анық көрініп тұр.

Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршаған бұқара әлеуметтік желіде жергілікті биліктің бұл салғырттығын қатаң сынап жатыр.

Видео: «Taraz_v_obektive