$ 469.83  536.83  5.97

Күн ыстық па, әлде «Қазавтожолдың» жауапкершілігі ме?

Жүргізушілерді бұл учаскелерде барынша сақ болуға және жылдамдықты азайтуға шақырамыз.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Трассадағы бетон плиталар көкке көтерілді Еліміздегі аптап ыстық жол құрылысындағы былықтың бетін ашты: Түркістан облысы мен «Астана - Павлодар» тасжолындағы бетон плиталар шыдас бермей, ісініп, жоғары көтеріліп кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Көліктер трамплиннен секіргендей ұшып, жүргізушілердің өміріне тікелей қауіп төніп тұр. Күннің ыстығын сылтауратқан жол қызметтері мен жергілікті әкімдіктер бұл жобалардың сапасын қашан бақылауға алатыны белгісіз. Қазіргі уақытта мамандар деформация салдарымен күресіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады. Десе де, миллиардтар жұмсалған республикалық маңызы бар жолдардың алғашқы аптапта-ақ быт-шыты шығуы — сала басшылығының дәрменсіздігін көрсетеді.

Жүргізушілерді бұл учаскелерде барынша сақ болуға және жылдамдықты азайтуға шақырамыз.

Видео: @novosti.karagandy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0