$ 469.83  536.83  5.97

Алматыда 21 жастағы жігіт балконнан құлап көз жұмды

Бейнебақылау жазбаларында жас жігіттің ауа райының ыстығына қарамастан сырт киіммен жүргені байқалған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ортақ балконынан 21 жастағы жігіт құлап, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел қызмет өкілдері мен тергеу-жедел тобы барған. Полиция марқұмның жеке басын анықтап, оның 21 жаста екенін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бейнебақылау жазбаларында жас жігіттің ауа райының ыстығына қарамастан сырт киіммен жүргені байқалған. Тергеушілер бұл жайттың оқиғаға қандай да бір қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексерілуде. Марқұмның өмір салты, араласқан ортасы, байланыстары және оқиғаға қатысты өзге де деректер зерттеліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Ведомство өкілдері тергеу аяқталғанға дейін оқиғаның себептері жөнінде қандай да бір қорытынды жасауға немесе болжам айтуға ерте екенін атап өтті. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс ерекше бақылауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0