20.07.2026, 10:10

Алаңда ұтылған «Жетісу» футболшылары Көкшетаудағы киім ауыстыратын бөлмені талқандап кетті

Фото: видеодан скрин

Ал спорттық әдепті ұмытқан «Жетісу» клубының өкілдері енді алаңдағы жеңілісі үшін де, келтірілген шығын үшін де жауап беруі тиіс.

Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:0 есебімен ұтылған Талдықорғанның «Жетісу» футболшылары жеңілісті көтере алмай, сорақы әрекетке барды, деп хабарлайды Sn.kzақпарат порталы.

Алаңда шамасы жетпеген ойыншылар бар ашуын стадиондағы қонақтарға арналған киім ауыстыратын бөлмеден алып, мүлікті қиратып кеткен. Тараған кадрлардан қабырғалар мен есіктердің тесіліп, бүлінгенін анық көруге болады. Ойын ережесі бойынша жеңіліс те спорттың бір бөлігі болғанымен, бұл қылықты ешқандай эмоциямен ақтап алу мүмкін емес. Бұл матчтан кейін тиісті үш ұпайын еншілеген «Оқжетпес» турнир кестесінде 30 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Ал спорттық әдепті ұмытқан «Жетісу» клубының өкілдері енді алаңдағы жеңілісі үшін де, келтірілген шығын үшін де жауап беруі тиіс.

Видео: @halyqstan.kz