$ 470.28  537.53  5.99

Ақтөбеде жәндік қаптаған дүкенге әкімдік неге көз жұмып отыр?

Бұл сұмдық жағдай Ақтөбе әкімдігі мен бақылау органдарының қаладағы тамақтану орындарын мүлде тексермей, бетімен жібергенін әшкереледі.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтөбедегі танымал «Wedrink» сусын дүкеніндегі өрескел санитарлық бұзушылықтар тұрғындардың заңды ашу-заңын тудырды, деп хабарлайды Sn.kzақпарат порталы.

Дүкен ішіндегі аптап ыстық, қаптап жүрген жәндіктер мен залда шашылған қораптар нысанның ашықтан-ашық антисанитария ұясына айналғанын көрсетеді. Бұл сұмдық жағдай Ақтөбе әкімдігі мен бақылау органдарының қаладағы тамақтану орындарын мүлде тексермей, бетімен жібергенін әшкереледі.

Тұрғындар мен кішкентай балалардың денсаулығына қауіп төнгенде, жергілікті биліктің үнсіз отыруы — сорақы жауапсыздық. Жергілікті әкімдік пен СЭС кабинеттен шығып, бұл нысанды шұғыл түрде жауып, жауапқа тартуға тиіс. Егер әкімдік әлі де әрекетсіз отырса, бұл олардың халық қауіпсіздігіне пысқырып та қарамайтынын дәлелдейді.

Видео: aktobe_public4

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0