Кейін сауда барысында баға сәл төмендегенімен, жоғары деңгейін сақтап қалды.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дүйсенбі күні Азия биржаларындағы сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айына арналған фьючерстері 2,69 долларға өсіп, барреліне 90,79 долларға жетті. Бұл – 11 маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Кейін сауда барысында баға сәл төмендегенімен, жоғары деңгейін сақтап қалды.
Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 2,65 пайызға өсіп, барреліне 84,68 долларды құрады. Бұл көрсеткіш 12 маусымнан бергі ең жоғары деңгей саналады.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы өзара шабуылдардың күшеюі және Ормуз бұғазы арқылы өтетін энергия тасымалына төнген қауіп әсер еткен. Қазіргі уақытта екі елдің бір-біріне соққы жасап жатқанына тоғыз күн болды.