$ 470.28  537.53  5.99

Kaspi.kz қосымшасында UnionPay карталарына ақша аудару мүмкіндігі іске қосылды

UnionPay карталарына аударым жасау туралы толық ақпаратты Kaspi Гид сервисінен алуға болады.

Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

Kaspi.kz халықаралық ақша аудару мүмкіндіктерін кеңейтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Енді қазақстандықтар әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі – UnionPay карталарына ақшаны жылдам әрі қауіпсіз аудара алады.

Kaspi Gold пайдаланушылары бұған дейін Visa, Mastercard, Элкарт, Uzcard және Humo карталарына лезде ақша аударып келген. Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы Қазақстан, Қытай және басқа да елдердің банктері шығарған UnionPay карталарына да дәл осындай ыңғайлы тәсілмен қаражат жіберуге болады.

Қазақстандағы UnionPay картасына ақша аудару үшін карта нөмірін көрсету жеткілікті. Қытайға аударым жасағанда төлем мақсатын қосымша таңдау қажет болса, басқа елдердегі UnionPay карталарына халықаралық аударым кезінде алушының аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар Kaspi.kz қосымшасында Қазақстанның басқа банктері шығарған UnionPay карталарынан өзінің Kaspi Gold картасына да ақша аударуға болады.

UnionPay карталарына аударым жасау туралы толық ақпаратты Kaspi Гид сервисінен алуға болады.

UnionPay Қытайда құрылған және әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі саналады. Қазіргі уақытта әлем бойынша 9 млрд-тан астам UnionPay картасы шығарылған. Олар Қазақстанды қоса алғанда 183 елде қабылданады.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жеңілдететін инновациялық өнімдер мен сервистерді дамыту.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдер, электрондық коммерция, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландырулар, мемлекеттік қызметтер және күнделікті басқа да сервистерді бір платформаға біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі – Hepsiburada компаниясына иелік етеді.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0