Олар бұршақ пен қатты жел салдарынан жарақат алған.
Павлодар облысында қатты жел мен бұршақ аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 33 жастағы ер адамға дауыл кезінде бұтақ құлап, басынан жарақат алды. Ал Құдайкөл ауылында бұршақтан бес адам зардап шеккен. Медициналық көмектен кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен тәулікте 103 қызметіне 2 шақырту түсті.
Павлодар
1. 1993 жылы туған ер адам – дауыл кезінде ағаштан бұтақ құлап, бас жарақатын алды. Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.
Құдайкөл ауылы:
1. 2007 жылы туған қыз – оң жақ білегінде және оң қолында көгерістер мен сыдырғылар бар. 3. 1979 жылы туған ер адам – оң қолында сыдырғылар. 4. 2011 жылы туған ұл бала – оң қолында сыдырғылар. 5. 2010 жылы туған ұл бала – арқасында көптеген ұсақ көгерістер мен сыдырғылар. 6. 2010 жылы туған қыз – арқа және жоғарғы аяқ-қолдарының аймағында көптеген сыдырғылар мен ұсақ көгерістер.
Олар бұршақ пен қатты жел салдарынан жарақат алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін орнында қалдырылды.