20.07.2026, 23:30

Астана әуежайында әйелдің әрекеті жұртты әбігерге салды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ведомство мәліметінше, әйел қоғамдық тәртіпті бұзып, авиакомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін ол ұшақ бортынан түсірілген. 

Астана әуежайында жолаушы әйел шу шығарып, айналасындағыларды әуреге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде Астана әуежайының ғимаратында полиция қызметкерлерінің ортасында еденде жатқан әйелдің видеосы тарады. Елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, FlyArystan авиакомпаниясының «Астана – Шымкент» рейсінің жолаушысы орташа дәрежедегі мас күйде болған.

Ведомство мәліметінше, әйел қоғамдық тәртіпті бұзып, авиакомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін ол ұшақ бортынан түсірілген.  Жолаушы медициналық куәландыруға жеткізілген. Бұдан бөлек, әуежайда хабарлағандай, ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған.

Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша: ұсақ бұзақылық, мас күйде болу және ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Сот шешімі шыққанға дейін жолаушы уақытша ұстау камерасына қамалды.