Теміртаудың Ескі қала бөлігіндегі №1 мектеп төңірегінде, Заводская көшесінде орнатылған су жаңа асфальттың бүгінде талқаны шығып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың сөзінше, небәрі бір жыл бұрын ғана төселген бұл жолды салмағы ауыр жүк көліктері тоқтаусыз жүріп, осылай ойрандап тастаған. Ата-аналар мектеп жанындағы мұндай ауыр көлік қозғалысы балалардың қауіпсіздігіне де үлкен қатер төндіреді деп шырылдайды.
Мұндай салмаққа есептелмеген көшеде ауыр көліктердің емін-еркін жүруіне кім рұқсат бергені әлі күнге дейін белгісіз. Тұрғындар мердігер мекеме беретін кепілдік мерзімі жұмыс істей ме, әлде бүлінген жол тағы да бюджет есебінен жөнделе ме деп сұрақ қоюда. Жауапты шенеуніктер мен әкімдік өкілдері тұрғындардың бұл шағымына әлі нақты жауап берген жоқ.