Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ іс материалдарын қарауды ұсынды.
Шымкентте блогер Нұрай Серікбайға қатысты 21 шілдеге жоспарланған алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.
Іс бүгін сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралуы тиіс болған. Алайда сотталушының денсаулығына байланысты сот отырысы өтпеді.
Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ іс материалдарын қарауды ұсынды.
«Меніңше сотталушының қатысу бұл жерге қатты керегі жоқ. Біз сотқа дейінгі барлық деректі таныстыра берсек», – деді адвокат.
Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмай, сот процесі ресми түрде басталмағанын және мұндай мәселелерді қарау үшін барлық тараптың қатысуы қажет екенін айтты.
«Сотталушының денсаулығының нашарлауына байланысты сотты кейінге қалдырамыз. Оның қашан жақсаратыны белгісіз. Соған қарай алдағы сот отырысын қай күнге қоятынымызды анықтайтын боламыз», – деді судья.