2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырға суға түскен.
Оқиға 19 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында, Бостандық ауылынан бес шақырым жерде болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырға суға түскен.
— Жасөспірімнің денесін оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері тауып, судан шығарып алды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.