$ 470.28  537.53  5.99

Оралда мәслихат депутаты әрі университет ректоры ұсталды

Қазір оқу орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Фото: М.Өтемісов атындағы БҚО университеті
Фото: М.Өтемісов атындағы БҚО университеті

Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиев ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір оқу орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқиға жөнінде "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бауыржан Ахметжан Facebook парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Ахметжанның мәліметінше, университет қызметкерлерінің айтуынша, Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ оның жұмыс орнында тінту жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ол бұл іске қатысты қосымша мәліметтерді кейінірек жариялайтынын айтты. Оқиғаға байланысты уәкілетті органдардан ресми түсініктеме сұратылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0