22.07.2026, 09:00

Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Президент Қазақстанның бірнеше елдегі өкілетті елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.