Қарағандының қақ ортасында, Кривогузов көшесі мен Аманжолов гүлзарының маңында ауыр салмақты қытайлық самосвалдар еркін тайраңдап жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, бұл карьер жүк көліктері жаңадан төселген асфальтты күн сайын таптап, шеңбер бойымен тоқтаусыз қатынауда. Сонда мемлекеттің миллиондаған қаржысына төселген жолдың шыдамы бір-екі айға ғана есептелген бе? Ең сорақысы, шектеу қойылған аймақта бұл техникалар кедергісіз өтіп жатса да, қасынан өткен патрульдік полиция ешқандай шара қолданбай отыр. Қала әкімдігі мен құзырлы органдар бұл заңсыздыққа кімнің рұқсат бергенін ашық айтуы тиіс.
Егер бұл бассыздық дереу тоқтатылмаса, халықтың қазынасына жасалған қиянат үшін кім жауап береді?