Жерді қазып, екі құдықтың айналасын қоршап кеткені болмаса, онда ешқандай жөндеу жұмысы жүріп жатқан жоқ.
Петропавлдағы Жұмабаев көшесінің ең қарбалас бөлігінде, «Dostyk Mall» сауда үйінің жанында жол қозғалысы сал болып тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жолдың екі бірдей жолағы бірнеше аптадан бері жабылып, не бары жүз метрлік қашықтықты өту үшін жүргізушілер 10-15 минуттап кептелісте тұруға мәжбүр. Жерді қазып, екі құдықтың айналасын қоршап кеткені болмаса, онда ешқандай жөндеу жұмысы жүріп жатқан жоқ. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшылар көрінбейді, ал жолдың жабылуы салдарынан жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де күнделікті әуре-сарсаңға түсуде.
Бір-екі күнде бітіруге болатын шаруаны айлап созбақтап қойған жауапты қызметтердің бұл жауапсыздығы қашанға дейін жалғасады?