22.07.2026, 15:40

«Жауапты біреу айтып тұрды»: Депутаттыққа үміткер Аша Матайға қатысты видео тарады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мұқият тыңдаңыздар!

Әнші әрі актриса Аша Матайдың Қазақстан халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат болуы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист Асхат Ниязов партия съезі кезінде Аша Матайға саясатқа қатысты бірнеше қарапайым сұрақ қойғанын айтты. Оның сөзінше, бастапқыда үміткер барлық сұраққа дұрыс жауап берген.

Алайда кейін видеоны монтаждау барысында жауаптар кезінде сырттан сыбырлап айтып тұрған адамның дауысы естілгенін байқағанын мәлімдеді.

«Алғашында оны қапыда қалдырмақ болдым, бірақ жауаптарының бәрін білді. Кейін монтаж кезінде оған жауаптарды біреу айтып тұрғанын естідім. Мұқият тыңдаңыздар», – деп жазды ол.

Журналист бұл үзінді саяси партиялар туралы шығарылымның екінші бөлімінде жарияланғанын хабарлады. Ал аталған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.