22.07.2026, 16:15

Миллиондарға алған пәтер қақ айрылды: BI Group-тың жаңа тұрғын үйіндегі жарықшақтар жұртты шошытты

Коллаж: Sn.kz

 

Әлеуметтік желіде BI Group құрылыс компаниясы салған су жаңа тұрғын үй кешенінің ішкі қабырғалары сөгіліп, терең жарықшақтар пайда болған видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жеделсатының есіктеріндегі зауыттық қорғаныш пленкасы да сыпырылып үлгермеген жаңа ғимараттың 4-қабатындағы бұл көрініс тұрғындардың үрейін ұшырды. Әлдеқайда қымбат бағаға пәтер сатып алған халық құрылыс сапасына көңілі толмай, «жер сілкінісі болса не күйге түсеміз» деп ашуға мінуде. Тұрғындар мен желі қолданушылары аталған құрылыс компаниясынан ғимараттың қауіпсіздігін дереу тексеруді талап етуде. Алайда, бұл жағдайдың себептері бойынша құрылыс салушы тарапынан әлі күнге дейін ресми түсініктеме берілген жоқ. Осыншама қаражатқа салынған баспананың сапасыздығы тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіріп отыр.