$ 469.59  536.22  5.96

Бостандыққа шыққан Бақытжан Байжанов 6 жыл бақылауда болады

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Фото: жоғарғы сот
Фото: жоғарғы сот

Рақымшылықпен бостандыққа шыққан Бақытжан Байжанов алдағы алты жыл бойы әкімшілік қадағалауда болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, сот қаулысына сәйкес Байжановқа пробациялық бақылау белгіленіп, 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалған.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң негізінде мерзімінен бұрын босатылды. Ол 2024 жылдың мамыр айында 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ Байжанов Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында да жаза мерзімін қысқартқан. Нәтижесінде оның өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0