Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.
Рақымшылықпен бостандыққа шыққан Бақытжан Байжанов алдағы алты жыл бойы әкімшілік қадағалауда болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.
Комитеттің хабарлауынша, сот қаулысына сәйкес Байжановқа пробациялық бақылау белгіленіп, 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалған.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң негізінде мерзімінен бұрын босатылды. Ол 2024 жылдың мамыр айында 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сондай-ақ Байжанов Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында да жаза мерзімін қысқартқан. Нәтижесінде оның өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.