22.07.2026, 23:30

Алматыда автобустағы жанжалдан кейін ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Астанада қоғамдық көлікте болған жанжалдан кейін әйелдің соңынан еріп, агрессия танытты делінген ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде жәбірленуші хабарлаған. Оның айтуынша, жанжал автобус ішінде басталған. Әйелдің сөзінше, бейтаныс ер адам алғаш болып дөрекілік көрсеткен. Ол жауап қайтарғаннан кейін ер адам аялдамаға дейін соңынан еріп шыққан.

Жәбірленушінің айтуынша, аялдамада күдікті оған қол көтермек болып, кейін оқиғаны видеоға түсірмек болған ұялы телефонын қатты ұрып жіберген. Соның салдарынан телефон жерге құлаған.

«Қыздар, абай болыңыздар! Автобустағы жанжалдан кейін бұл ер адам менің соңымнан аялдамаға дейін еріп келді. Сол жерде де өзін агрессивті ұстап, маған қол көтермек болды. Кейін телефонымды бар күшімен ұрып жіберді. Өмірім үшін қорыққандықтан, оны видеоға түсіруге тырыстым. Егер оны танитын болсаңыздар, маған хабарласыңыздар», – деп жазды әйел.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған.

«Құқық бұзушы анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.