Бұл жағдай байланыс операторларының аға буынға деген қарым-қатынасы мен қызмет сапасын қайта қарауды талап етіп тұр.
Орал қаласындағы «Саяхат» аялдамасы маңында орналасқан Beeline қызмет көрсету орталығында тұтынушылардың наразылығын тудырған жағдай орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті турғынның айтуынша, жасы 90-нан асқан қария кішкентай мәселені шешу үшін орталық пен ХҚКО (ЦОН) арасында сабылып жүруге мәжбүр болған. Оған қоса, «үзіліссіз жұмыс істейміз» деген мекеменің бірнеше қызметкері түскі асқа бір уақытта кететіндіктен, кезеқ созылып, халық сағаттап күтуге мәжбүр. Әсіресе егде жастағы азаматтарға ешқандай жеңілдік жасалмай, қызметтің өте баяу көрсетілетіні наразылықты өршіте түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары «қарттарға арналған кезеқсіз немесе үйге барып қызмет көрсету жүйесі неге қарастырылмаған?» деп сұрақ қоюда. Бұл жағдай байланыс операторларының аға буынға деген қарым-қатынасы мен қызмет сапасын қайта қарауды талап етіп тұр.
Видео: @meiramgultulegenova