Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Шу теміржол стансасында пойыздың әйелді қағып кеткен сәтінен кейінгі видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел теміржол рельстерінен өтпек болған кезде пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиға орнында түсірілген кадрлар желіде кеңінен тарап жатыр.
Оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, 20 шілде күні Шу стансасындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.