23.07.2026, 20:30

Рудныйда 56 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

Фото: Қостанай облысы ПД

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысының Рудный қаласында пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бойынша қажетті шараларды қолға алған.