Синоптиктер 2026 жылғы 25 шілде, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райы жағдайы мен қауіпті құбылыстарға қатысты болжамын ұсынды.
Алдағы демалыс күні елде қайтадан +42°C-қа дейінгі қатты ыстық орнап, кей өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын өте мол болуы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз:
Өте қатты ыстық:
+41...+42°C-қа дейін – Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күтіледі. Аптап ыстық: +35...+39°C-қа дейін – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында; +38...+42°C-қа дейін – Маңғыстау облысында; +35°C-қа дейін – Алматы облысы мен Ұлытау облысында болады. "Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктер елдің шығыс жартысына әсерін сақтап, найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауыл, ал шығыс өңірлерде қатты және өте қатты жаңбыр туындатады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.Қазақстанның батыс бөлігінде жоғары қысымды аймақтың әсерінен ауа райы ыстық әрі ашық болады.
"Ел аумағында жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.