25.07.2026, 17:30

Шымкентте экскаватор жол жұмысшысын басып кетті

Фото: Insights.made-in-china.com

Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.