$ 476.07  541.86  6.08

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0