$ 476.07  541.86  6.08

Батыс Қазақстанда 6 жасар бала суға батып кетті

Баланы құтқарушы судан шығарып алған кезде оның тамыр соғысы әлі де сезілген.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Батыс Қазақстан облысындағы «Арна» демалыс базасының жағажайында алты жастағы бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 25 шілде күні болған. Аптап ыстыққа байланысты жағажайда демалушылар өте көп болғандықтан, су лайланып кеткен. Бала шамамен екі-үш минут су астында қалған. Кейін оны жағалаудан небәрі бір жарым метр жерден тауып алған.

Баланы құтқарушы судан шығарып алған кезде оның тамыр соғысы әлі де сезілген. Дереу жүрек-өкпе реанимациясы басталып, сол сәтте жағажайда болған медицина қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсеткен. Дәрігерлер баланың өмірі үшін шамамен бір сағат күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Демалыс базасының әкімшілігі жағажайда барлық қауіпсіздік талаптары сақталғанын және құтқарушылардың кезекшілік атқарғанын мәлімдеді. Сондай-ақ демалыс базасының иесі мен қызметкерлері қаза болған баланың отбасына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0