Жезқазғандағы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы жағажай бүгінде күрес-қоқысқа толып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаздың шіліңгір ыстығында халық демалуға баратын бұл аумақтың сиқы көрген жанның жағасын ұстатады. Жергілікті тұрғындар видео түсіріп, «тазалықты алдымен өзімізден бастайық» деп жұртшылықты мәдениетті болуға шақырды. Сонымен бірге тұрғындар қала әкімдігіне де үндеу тастап, демалыс аумағына қоқыс жәшіктерін көбірек орнатуды сұрайды. Қажетті инфрақұрылым болмаған соң, халық тастап кеткен қалдықтар күн сәулесінен сасып, айналаны улап жатқаны жасырын емес. Жергілікті билік бұл мәселеге қашан назар аударып, жағажайды ретке келтіретіні әлі белгісіз.