$ 473.4  539.39  6.07

Қапшағайда суға батқан адамды құтқармақ болған ер адам қаза тапты

Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Фото: Асхат Бердіханов
Фото: Асхат Бердіханов

Қапшағай су қоймасында өзгенің өмірін құтқармақ болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Әкімнің айтуынша, қаза тапқан тұрғын Андрей Козятинский қауіп төнген сәтте өз өмірін ойламай, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге ұмтылған.

Бұл – ерліктің, жанқиярлықтың және адамгершіліктің жарқын үлгісі. Шешуші сәтте Андрей сырттай бақылап қалмай, өз қауіпсіздігін ойламастан, қиын жағдайға тап болған адамды құтқаруға ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, рухы мықты азамат қана бара алады, – деді Асхат Бердіханов.

Қала әкімі Қонаев тұрғындары атынан марқұмның әкесі мен бауырына, туған-туыстары мен жақындарына, оны таныған барша азаматқа көңіл айтты.

Бұл ауыр қаза орны толмас қайғыға айналған отбасы мүшелеріне ерекше қолдау білдіремін. Бірнеше жыл бұрын өмірден өткен анасының жарқын бейнесі мен Андрейдің ерлігі оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады, – деп жазды әкім.

Асхат Бердіханов Андрей Козятинскийдің жасаған ерлігі шынайы құрмет пен алғысқа лайық екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0