Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы жеке меншік жерде орналасқан айыптұрақтың заңдылығы төңірегінде үлкен дау туындап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айыптұрақ иесі нысанның жергілікті әкімдікпен келісілгенін айтса, ТКШ басшылығы полициямен меморандум бар екенін алға тартады. Ал полиция өкілдері бұл сөзді жоққа шығарып, мұндай келісімді растайтын ешқандай ресми құжат жоқ екенін мәлімдеді. Ақпаратты анықтамақ болған журналистің сауалына нысан иесі жауап беруден бас тартып, дөрекілік танытқан. Күнделікті түсіп жатқан ақшаның қайда кететіні және бұл жерде салықтың төленетін-төленбейтіні әлі күнге дейін беймәлім. Тұрғындарды тонауға жол берген бұл жағдайға қатысты ресми органдар тез арада нақты заңды бағасын беруі тиіс.