Әйел адам тұрғын үй ауласында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан адам қайтыс болған еді.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетауда көлік басқару құқығы жоқ жұбайына рөлді сеніп тапсырған автокөлік иесіне қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі негізінде тоқтатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйел адам тұрғын үй ауласында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан адам қайтыс болған еді.
Оқиғадан кейін көлік иесіне қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, Қылмыстық кодекстің 349-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруына жол беру, бұл абайсызда адам өліміне әкеп соқса) бойынша тергелген болатын.
Тергеу қорытындысы бойынша полиция мынадай шешім қабылдады:
Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы негізінде, рақымшылық жасау актісін қолдануға байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, рақымшылыққа ілінгенге дейін ер адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндірген еді.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/782440-koksetauda-aulada-ajeldi-kagyp-oltirgen-koliktin-iesi-rakymsylykka-ilindi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс