$ 476.75  541.59  6.06

«Кезек өтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

 

Арыс қалалық орталық ауруханасында емделуге келген тұрғындар касса алдында сағаттап сарғайып, кезегін күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жүздеген адамға небәрі бір-ақ касса қызмет көрсеткендіктен, емхана ішінде ұзын-сонар кезең қалыптасқан. Мұндай ретсіздіктен, әсіресе, алыс ауылдардан ат арытып келген ағайын мен жасы үлкен қарттар қатты әбігерге түсуде. Ем іздеп келген халық бұл жағдайды уақытты босқа шығындау әрі ашықтан-ашық әуре-сарсаңға салу деп бағалап отыр. Ашынған тұрғындар аурухана басшылығынан шұғыл арада екінші кассаны ашып, халыққа қолайлы жағдай жасауды талап етті. Әзірге бұл арыз-шағымға аурухана тарапынан ресми жауап берілген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0