$ 476.75  541.59  6.06

Ақмола облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиға аталған тасжолдың 157-шақырымында тіркелген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысының Бұланды ауданында «Астана – Петропавл» автожолында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға аталған тасжолдың 157-шақырымында тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес, Көкшетау бағытына бет алған Audi Q8 автокөлігі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан MAN жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi Q8 көлігінің жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Ал тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіз жылдамдықты таңдауды және жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ерекше сақ болуды ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0