Қазіргі уақытта Байзақ ауданындағы жағдайға байланысты құзырлы мекемелерден ресми түсініктеме күтілуде.
Жамбыл облысы Байзақ ауданында бюджет қаражатына салынған нысандардың сапасы жергілікті халық пен желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызып отыр. Елді дүрліктірген бұл жағдайда жұртшылық сапасыз құрылыс жүргізген мердігерлер мен оны қабылдап алған техникалық қадағалау өкілдерінің жауапкершілігін қатаң тексеруді талап етуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, миллиондаған қаржы талан-таражға түссе де, жауапты тұлғаларға қылмыстық іс қозғалмай, тек кемшілікті қайта жөндеумен құтылып келеді. Осыған байланысты белсенділер бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы мен заң бұзушылық белгілеріне жан-жақты құқықтық сараптама жүргізу қажеттігін алға тартуда. Алайда, бұл шулы мәселе бойынша құзырлы органдар тарапынан әлі күнге дейін нақты процессуалдық шешім қабылданғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Байзақ ауданындағы жағдайға байланысты құзырлы мекемелерден ресми түсініктеме күтілуде.
Видео: @baspacoz