29.07.2026, 15:35

Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты

Фото: видеодан скрин

Тұрғындар жылда қайталанатын бұл мәселеге әкімдік қашан нақты шешім табады деп налып отыр.

Өскеменде нөсер жаңбырдан кейін инфрақұрылымның әлсіздігі тағы да әшкере болды. Қала көшелерін су басып, көлік қозғалысы мүлдем қиындап кеткен. Көлшік ортасында тұрып қалған жеңіл көліктің қозғалтқыш бөлігінен кенеттен өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындар тізеге дейін су кешіп жүріп, жанған көлікті өз бетінше сөндіруге және итеріп шығаруға мәжбүр болған. Бұл жағдай қалалық арық жүйесінің тозығы жеткенін және коммуналдық қызметтердің дайынсыздығын анық көрсетті. Тұрғындар жылда қайталанатын бұл мәселеге әкімдік қашан нақты шешім табады деп налып отыр.

Видео: alemnews.kaz