29.07.2026, 15:55

Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ?

Фото: видеодан скрин

Тозығы жеткен жолдан азабын тартқан жүргізушілер бұл сұмдықты таспаға түсіріп, желіде құзырлы органдардан жауап талап етуде.

Қостанайға кіреберіс тасжолда жүргізушілерді шығынға батырған қауіпті шұңқыр пайда болып, елдің ашу-заңын туғызды. Апатты тесікке түскен көліктердің дөңгелек қалпақтары ұшып кетіп, жол жиегінде тұтас «коллекция» жиналып қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сорақысы сол, шұңқырдың тереңдігі сонша — жылдамдықпен келген кез келген көліктің дөңгелегін жарып, ауыр жол апатына әкелуі әбден мүмкін. Тозығы жеткен жолдан азабын тартқан жүргізушілер бұл сұмдықты таспаға түсіріп, желіде құзырлы органдардан жауап талап етуде.

Тұрғындар бөлінген миллиондардың қайда кеткенін айтып, әкімдік пен мердігерлердің жауапсыздығына наразылық білдіріп жатыр. Әзірге қауіпті аймақ қоршалмаған да, жөнделмеген де, ал жауапты мекемелер әдеттегідей үнсіздік сақтауды жөн санап отыр. Видео: @ilovekostanayy