29.07.2026, 16:10

«Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады

Фото: видеодан скрин

Енді бұл сорақылықты осы жазда екінші рет қайта жөндетіп, халықтың салығын тағы шығындай ма, әлде халық қыс бойы осы ойлы-шұңқырмен жүруге мәжбүр бола ма?

Қарағандыдағы Құрылысшылар мен Шахтерлар даңғылының қиылысында екі ай бұрын ғана төселген асфальт қайтадан опырылып, езіліп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«ҚазАвтоЖол» мен жергілікті әкімдік өкілдері жылда миллиондап бюджет қаржысын бөліп, халыққа «сапалы жол» деп есеп бергенімен, нәтижесі осылайша көз алдымызда тас-талқан болып жатыр. Жауапты шенеуніктер әдеттегідей бәрін күннің ыстығы мен ауыр автобустарға жаба салғанды жөн көреді. Алайда, басқа көшелерде асфальт еріп жатқан жоқ, бұл – шенеуніктер тарапынан бақылаудың жоқтығы мен мердігердің жұмысты атүсті, сапасыз істегенінің айқын дәлелі. Жылда бір орынды қайта-қайта жамай бергенше, бюджеттің қаржысын талан-таражға салғандарды неге жауапқа тартпасқа? Енді бұл сорақылықты осы жазда екінші рет қайта жөндетіп, халықтың салығын тағы шығындай ма, әлде халық қыс бойы осы ойлы-шұңқырмен жүруге мәжбүр бола ма?

Видео: @ekaraganda.kz