$ 477.17  543.26  6.01

Абай облысының тұрғыны TikTok-қа кіремін деп жауапкершілікке тартылды

Медициналық куәландыру қорытындысы оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы контентті анықтаған. Тікелей эфир кезінде бойжеткен балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, сондай-ақ есірткі қолданатынын мәлімдеген.

Полицейлер оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрып жатқан 26 жастағы Азиза Қоқанова болып шықты.

Медициналық куәландыру қорытындысы оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

Сот шешімімен бойжеткен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

ІІМ әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. Ведомство интернет кеңістігінде жасалған әрбір заң бұзушылыққа құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0