Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
7 тамызда елдің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады. Кей өңірде күн күркіреп, күшті жел, тұман, шаңды дауыл және табиғи өрттің жоғары қаупі күтіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
8 облыста дауылды ескерту
Ақмола облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Батысында төтенше өрт қаупі, ал орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15 – 20 м/с соғатын солтүстік-батыс желі болжанады. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавлда күндіз екпіні 15 – 20 м/с болатын солтүстік-батыс желі күтіледі.
Жетісу облысы
Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Алакөл көлдері аймағында екпіні 15 – 20 м/с соғатын солтүстік-шығыс желі күтіледі. Ауа температурасы 35 – 36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні 15 – 20 м/с болатын солтүстік-шығыс желі болжанады. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Таразда күндіз екпіні 15 – 20 м/с соғатын солтүстік-шығыс желі күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Күндіз облыстың орталық бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі 15 – 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз екпіні 15 м/с дейін жететін солтүстік-шығыс желі күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Түнде облыстың орталық бөлігінде бұршақ аралас немесе аздаған жаңбыр жауып, күн күркіреуі болжанады. Облыстың оңтүстігінде екпіні 15 – 20 м/с болатын солтүстік желі күтіледі. Күндіз ауа 38 – 40 градусқа дейін ысиды. Батысында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15 – 20 м/с болатын солтүстік-батыс желі болжанады. Батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың батысы мен таулы аудандарында екпіні 15 – 20 м/с соғатын солтүстік-шығыс желі болжанады. Ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз екпіні 15 – 20 м/с болатын солтүстік-шығыс желі және 40 градусқа дейін ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.