Отар станциясындағы оқ-дәрі жарылысы туралы іс бойынша алты айыпты соттқа берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бас әскери прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақ жарылыс өнеркәсібі»АҚ-ның Отар станциясында орналасқан кәдеге жарату бекетінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорымен тергеумен аяқталды.
«Тергеумен кәдеге пайдалану бекетінде механикалық жолмен патрондардың ішін шығару модулін іске қосу барысында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану, жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін, осы ережелердің сақталуының жауаптылықтары жүктелген тұлғалардың бұзғандықтары және олардың нәтижесі абайсызда жұмысшылардың өліміне әкеп соғуы толығымен анықталған», делінген хабараламада.
20 тамызда қылмыстық іс бойынша айыпкерлер – «Қазақ жарылыс өнеркәсібі» АҚ-ның кәдеге жарату Департаментінің бастығы Н.Т.Оракеев және бас инженері В.А.Емельянов, Отар станциясындағы кәдеге жарату бекетінің бастығы В.И.Орлов, бас инженері В.Е.Гурьянов, қауіпсіздікті сақтау бойынша инженері Т.М.Қыдырәлиев және ауысым бастығы А.И.Сазонов сотқа берілді.
Қылмыстық іс Жамбыл облысы Қордай аудандық сотына қарауға жолданды.