08.08.2026, 17:10

Бельгия Королі Филипп Тоқаевқа шынайы ризашылығын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген. Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.