$ 469.93  541.64  5.71

TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан қызылордалық тұрғынға айыппұл салынды

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Артықбек Айғаным екені белгілі болды.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғандығы анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Артықбек Айғаным екені белгілі болды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0